• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

01 Мамыр, 17:46:17
Алматы
+35°

10 Қазан, 2018 Барлық аймақтар

 Мемлекеттік қызметшілерге арналған  Әдеп кодексі туралы не білеміз?

Биліктің қай бір қызметкері болса да, әдеп шеңберінен асып кетпегені абзал

Біз шенеуніктердің де Әдеп кодексі барын білеміз. Әрине, арнайы әдептік заңдылықтарға сәйкес, кез келген атқамінер өзін сыпайы, мәдениетті және салиқалы, салмақты  жағдайда ұстауы тиіс. Қай бір биліктің қызметкері болса да, әдеп шеңберінен асып кетпегені абзал. Қай кезеңде де солай болған.

Президент қол қойған 100 нақты қадам Ұлт жоспарында Әдеп кодексіне ерекше мән берілген. Ұлт жоспарының 12 -қадамында «мемлекеттік қызметтің жаңа этикалық кодексін жасау қажеттілігі» айтылған. Сонымен қатар, «Этика жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізу» мәселелері де атап көрсетілген.

Расында да мемлекеттік қызметкердің өзін-өзі ұстау мәдениеті ең алдымен шенеуніктің өзіне байланысты.  Қандай жағдай болса да, мәселеге сабырмен қарап, ақылмен келуі тиіс. Шешілмейтін түйін болмайды, тек оған ықылас, ниет пен елгезектік қасиет керек. Әрине мұның бәрін айтуға оңай. Тек іс жүзінде көрсете білу қажет. Сонда ғана мемлекеттік қызметкерге деген халықтың толыққанды сенімі нығаяды, қалыптасады. Бұл орайда Қазақстанда мемқызметшіге қатысты арнаулы  қолданыстағы ережелер мен заңдар бар. Елбасы қол қойған  «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі» бар немесе бұл Этикалық кодекс деп те аталады.  Елбасы жарлығы бойынша аталған заң 2016 жылдың 1 қаңтарынан  бастап күшіне енді, қазір қолданыста.  

Ал Әдеп кодексі халыққа немесе мемлекеттік қызметшіге не береді?

Нақты айтсақ...

  1. Мемлекеттік қызметшілерге деген халықтың сенімін нығайтады.
  2. Әдеп кодексі мемқызметшілердің адамгершілік-моральдық бейнесін артырады.
  3. Оларға қойылатын талапты күшейтеді.
  4. Тағайындалған немесе мемқызметке келген оларға жоғары билік тарапынан сенім білдіру болып табылады.
  5. Кодекс әдепсіз жағдайлардың алдын алуға септігін тигізеді.
  6. Сонымен қатар, Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілер арасындағы қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына ықпалын тигізеді.

Негізі Әдеп кодексінде атап көрсетілген барлық қағидаларды мемлекеттік қызметшілер орындауы тиіс және барлық уақытта бұл ереже естерінен шықпауы тиіс.

Сонымен қатар, Этикалық кодекстің мемлекеттік маңызы бар екендігін мына бір қағидадан-ақ байқауға болады. Мемлекеттік қызметке тұрған кез келген шенеунікке ең алдымен үш күннің ішінде Этикалық кодекс таныстырылады. Олар «таныстым» деп қол қояды.

Қалай айтқанда да, бұл саладағы азаматтар ең алдымен мемлекеттің адамы. Сондықтан ең алдымен ол мемлекетшіл болуы керек. Мұның маңызы неде?

Олар мемлекеттің іргетасын нығайтуға, Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағын күшейтуге жұмыс істеуі тиіс. Негізінде Этикалық кодекстің аясында көп нәрсе жатыр. Ол үшін әрине мемлекеттік қызметшінің дәрежесі мен статусы туралы білгісі келген адам ең алдымен Елбасы қол қойған Этикалық кодексті оқып шыққаны дұрыс.

Мұнда мемлекеттік қызметшінің не істеуі қажеттілігі дейін атап көрсетілген. Бұл нақты айтқанда, мемқызметте отырған адамның Конституциядан кейінгі басты құжатының бірі болуға тиіс.

Мемлекеттік қызметші қызмет барысында өзінің діни көзқарасын ашық көрсетпеуі тиіс немесе қатарластарына діни тұрғыдан міндеттеп,  үгіт, насихат жұмыстарын жүргізе алмайды. Мұндай нәрсе жат қылық болып есептеледі.

Этикалық кодекстін басты мақсаты не ? Елбасы атап көрсеткендей, әлемдегі ең озық, дамыған 30 мемлекеттің қатарына ену. Ол үшін Елбасының 100 нақты қадам Ұлт жоспарының стратегиялық құжатында атап көрсетілгендей, ең алдымен мемлекеттік кәсіби аппарат құруымыз керек. Ал кәсіби аппарат қалай құрылады? Ол мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі мен өзі-өзі ұстау мәдениеті және  мінез-құлқына әрі жұмысты орындауы мен жауапкершілігіне  байланысты.

Кәсіби мемлекеттік ақпарат құру туралы бірінші тарауы, нақты айтқанда Ұлт жоспарының 1- 15 қадамы түгелдей осы кәсіби аппарат құруға арналған. Оның ішінде он екінші қадамда этикалық кодексті жасау қажеттілігі айтылған. Ал біздің  12-қадамға арнайы тоқталып отырғанымыздың да жөні бар. Өйткені осы этикалық кодексте мемлекеттік қызметшінің қандай болу қажеттілігі тұтастай айтылған. Негізі осы кодексте жазылған қағидалар өн бойынан табылған мемлекеттік қызметші ешқашан ел, халық, мемлекет алдындағы жауапкершілікті тұтастай сезіне біледі және бұлжытпай орындайды деп ойлаймыз.

Бұдан шығатын қорытынды, қай лауазымда істесе де, мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасына, еліне, халқына адал қызмет ете алады.

Қалай айтқанда, мемлекеттік қызметкер қоғамға жат мінез-құлық көрсетпеуі тиіс.

Оның бір айғағы ретінде кейінгі кезде дақпыртқа еріп, көшеге шыққан бірқатар көп балалы аналардың жайын айтар едік. Мемлекеттік қызметшілер оларды  мәжіліс залына немесе жеке кабинеттерге шақырып алып, мәдениетті түрде  сөйлесуде. Сөйтіп олардың мәселелері де шешіліп жатыр. Бұл әрине, мемлекеттік қызметшілердің мәдениет деңгейі мен мәселеге жедел қарауын көрсетеді. Сондықтан да біз мемлекеттік органда, атқарушы билікте жұмыс істейтін  қызметкерлердің жұмысының оңай емес екендігін сезіне білуіміз керек.

Қазіргі мемлекеттік қызметкерлер  халыққа жақын. Олар бұрынғыдай қасаң көзқарастан, бюрократиялық мінезден ада. Өйткені қоғам, мемлекеттік қызметшілерге қойылар талап та өзгерді. Сондықтан әдептен озбай, этикалық кодексті сақтай отырып, олар кәсіби қызметін адал атқаруда деуге болады.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір